Париж бен Риядтың қарым-қатынасында қайшылық пайда болды
Франция Президенті Эмманюэль Макрон өткен жылы Ливанның саяси дағдарысын шешуде маңызды рөл атқарғаны туралы уәж айтып, Сауд Арабиясының Ливанның Премьер-министрі Саад Харириді бірнеше апта бойы қамауда ұстағанын әшкереледі.
Макрон Францияның сыртқы саясатының өткен жылғы жетістіктері туралы сұраққа берген жауабында Саад Хариридің өткен жылғы Сауд Арабиясына жасаған сапары мен оның Риядта жүріп, отставкаға кететінін жариялағанына тоқталып: "Ливан Премьер-министрінің Сауд Арабиясында бірнеше апта қамауда болғанын еске сала кету қажет",- деді.
Макронның бұл мәселені әшкерелеуі саудиялықтардың ашу-ызасына себеп болды. Өйткені, Рияд Харири сынды оның Сауд Арабиясында қамауда болғанын теріске шығарған болатын.
Бұл салада Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат агенттігі сейсенбі күні елдің Сыртқы істер министрлігіндегі хабардар дереккөздерінің біріне сілтеме жасап, Макронның сөздерін теріске шығарып: "Рияд әрқашан бар мүмкіндігімен Ливанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және бұл елдің Премьер-министрін қорғады",- деді. Риядтың бұл мәселені теріске шығарғанына қарамастан Макронның сөздері Сауд Арабиясының бұл саладағы соңғы ұстанымдарына күмән тудырады. Бұл мәселе саудиялықтардың Франция Президентінің әшкерелеуіне білдірген ызасын екі есе маңызды етеді. Сауд режимінің 2017-ші жылдың қараша айының 4 күні Саад Харириді Сауд Арабиясына шақырып, оны отставкаға кетуге мәжбүрлеуі Ливандағы саяси дағдарысқа жағдай тудырды.
Саудиялықтардың мақсаты Ливан Хизболласына қарсы саяси қоқан-лоққы жасап, оның белсенділігін Хариридың отставкаға кетуіне себеп болды деп көрсетпек болды. Бірақ, саудиялықтардың қастығы нәтижеге жетпеді.
Саяси сарапшылардың бірінің айтуынша, Саад Харириді қамауға алу халықаралық қоғамның алдында Сауд Арабиясын оқшаулап, бұл елді жоғары лауазымды басшылар мен дипломаттардың сапарына қатысты келісімдерді бұзатын ел етіп көрсетті.
Ливан Президенті Мишель Аун саудиялық елшіліктің уақытша елшісі міндетін атқарып отырған қызметкерін шақыртып, Хариридің Сауд Арабиясында отставкаға кететінін жариялауын түсініксіз әрекет деп атап: "Харири жағдайды анықтау үшін жылдам Бейрутке оралуы керек, - деп бұйырды. Ливан егер Сауд Арабиясы Харириге Бейрутке оралуға рұқсат бермесе, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым түсіретінін ескертті. Дәл осы мәселе Риядты ерекше тығырыққа тіреді.
Негізінде Франция Президенті Риядқа сапар шегіп, саудиялықтарды, әсіресе бұл елдің тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманды Парижге, содан соң Ливанға сапар шегуге шақырып, дағдарысты тоқтатуды талап етті. Макрон енді өзінің престижі үшін бұл әрекеттерді орындап, саудиялықтарға наразылық білдіріп, олардан жаңа ұпай алуды көздеуде. Бірақ, Риядтың теріс реакциясы Макронның әшкерелеу ісіне олардың наразы екендігін көрсетіп отыр.