Ресей Сыртқы істер министрі Солтүстік Корея басшысымен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i37442
Ресей Сыртқы істер министрі Солтүстік Корея басшысымен кездесуінде Мәскеудің Пхеньянды қолдайтынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 31, 2018 18:23 Asia/Almaty
  • Ресей Сыртқы істер министрі Солтүстік Корея басшысымен кездесті

Ресей Сыртқы істер министрі Солтүстік Корея басшысымен кездесуінде Мәскеудің Пхеньянды қолдайтынын қуаттады.

Сергей Лавров Пхеньянда Ким Чен Ынмен кездесуінде Ресейдің екі Кореяның келісімдерін орындау жолында әріптестік жасауға дайын екенін хабарлап, Солтүстік Корея басшысын Ресейге іссапармен келуге шақырды.

Лавров бейсенбі күні таңертең Солтүстік Корея Сыртқы істер министрі Ри Йонг Хомен кездесіп, Пхеньянға қарсы санкциялар жойылмайынша Корей түбегіндегі ядролық  мәселенің шешім жолы табылмайтынын  айтты.