Солтүстік Корея басшысы: Біз ядролық қарусыздану міндетімізге берікпіз
(last modified Fri, 01 Jun 2018 13:20:11 GMT )
Маусым 01, 2018 19:20 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея басшысы:  Біз ядролық қарусыздану міндетімізге берікпіз

Солтүстік Кореяның басшысы Пхеньянға сапармен келген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде Корей түбегін ядролық қарулардан тазарту туралы өз міндеттемесіне берік екенін айтты.

Солтүстік Корея ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ким Чен Ын  бейсенбі күні кешке Сергей Лавровпен кездесуінде: "Аймақта кейбір сындарсыз әрекеттердің жасалғанына қарамастан, Пхеньянның Корей түбегін ядролық қарулардан тазарту ниеті өз күшін жоғалтқан жоқ",-деді.

Солтүстік Кореяның басшысы қайшылықтардың біртіндеп азайып, сындарлы диалог арқылы мәселелерді шешу жолдарының табылатындығына үміт білдірді.

Сергей Лавров Пхеньянда Ким Чен Ынмен кездесуінде Ресейдің екі Кореяның келісімдерін орындау жолында әріптестік жасауға дайын екенін хабарлап, Солтүстік Кореяның басшысын Ресейге іссапармен келуге шақырды. Корей тарабы шақыруды  қабылдады.