Франция: АҚШ G7 тобында оқшауланады
(last modified Sat, 02 Jun 2018 07:49:09 GMT )
Маусым 02, 2018 13:49 Asia/Almaty
  • Франция: АҚШ G7 тобында оқшауланады

Францияның Қаржы министрі «АҚШ Еуроодақпен сауда соғысын жүргізіп жатқандықтан G7 тобында оқшау қалды",-деді.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Францияның Қаржы министрі Бруно Ле Мэр жұма күні Канадада тілшілерге берген сұхбатында: "АҚШ-тың өзінің одақтас елдеріне алюминий мен болат импортына жаңа тариф белгілеуіне байланысты АҚШ-тың Қаржы министрі Стивен Мнучин G7 тобының Қаржы министрлері отырысында оқшау қалды.

Канадада өтетін G7 тобының Қаржы министрлерінің отырысында Стивен Мнучинге Еуроодақтан алюминий мен болат импорттауға салған тарифтің заң тұрғысынан қабылдауға келмейтінін және саяси тұрғыдан әділетсіз, экономикалық тұрғыдан қауіпті екенін айтамын",-деді.

G7 тобының отырысы 8-9 маусымда Канаданың Квебек қаласында өтеді. АҚШ бейсенбі күні Еуроодаққа мүше елдерден, Канада мен Мексикадан болат пен алюминий импорттауға 10 және 25 пайыз тариф белгілегенін жариялады.