АҚШ G7 тобында оқшау қалды
https://itolqyn.com/news/world-i37498-АҚШ_g7_тобында_оқшау_қалды
G7 тобындағы АҚШ-тың 6 серіктес елі ортақ мәлімдемеде Вашингтонның біржақты сауда шараларына алаңдаушылық білдіріп, соларға қатысты қатаң шара қолданылуға мүдделік танытты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 03, 2018 16:17 Asia/Almaty
  • АҚШ G7 тобында оқшау қалды

G7 тобындағы АҚШ-тың 6 серіктес елі ортақ мәлімдемеде Вашингтонның біржақты сауда шараларына алаңдаушылық білдіріп, соларға қатысты қатаң шара қолданылуға мүдделік танытты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Канадада G7 тобының Экономика министрлерінің отырысы соңында Германия, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Франция мен Канаданың Экономика министрлері мәлімдеме жасап, АҚШ-тың сауда саясатынан үміттерін үзгендерін айтып, АҚШ-тың Қаржы министрі Стивен Мнучиннен олардың алаңдаушылығын өз елінің Президентіне жеткізуін сұрады.

Бұл мәлімдемеде АҚШ Президенті  Дональд Трамптың болат пен алюминий импортына жаңа тарифтер белгілеу туралы шешіміне қарсы қатаң шара қолдану қажеттігі қуатталды.