Ақ үй: Солтүстік Кореяға қарсы қысымдар жалғасады
https://itolqyn.com/news/world-i37542
Ақ үйдің баспасөз хатшысы АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының алдағы кездесулеріне қарамастан, Солтүстік Кореяға қарсы қысымдардың жалғасатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 05, 2018 18:42 Asia/Almaty
  • Ақ үй: Солтүстік Кореяға қарсы қысымдар жалғасады

Ақ үйдің баспасөз хатшысы АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының алдағы кездесулеріне қарамастан, Солтүстік Кореяға қарсы қысымдардың жалғасатынын мәлімдеді.

Сара Сандерс журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «Трамп пен Ким Чен Ынның жоспарланған кездесуіне  қарамастан Солтүстік Кореяға қарсы қысым көрсету саясаты өзгермейді. АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея Лидері Ким Чен Ынның бірінші кездесуі маусымның  12 күні Сингапур уақыты бойынша таңертеңгі сағат 9-да өтеді. Трамп пен Кимның кездесуі Вашингтон Пхеньянға қарсы қысымдарын азайтады дегенді білдірмейді»,- деп қуаттады.