Макрон мен Нетаньяхудың ортақ брифингі – Иранға қарсы жалған айыптауларды қайталау
Франция Президенті Эммануэль Макрон мен сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың сейсенбі күні Парижде өткен ортақ брифингі Ираннан қорқыту және бұл елге қарсы жалған айыптауларды қайталау сарынында өтті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нетаньяху баспасөз конференциясында Франциядан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын сұрамағанын айтып: «Өйткені, бұл келісім жуырда АҚШ-тың экономикалық қысымдары салдарынан өзінен-өзі жойылады",-деді.
Сионистік режимнің Премьер-министрі Иранға қарсы әрдайымғы сөздерін қайталап, өзіне тек Иранның ядролық қаруға қол жеткізбегені маңызды екенін айтты.
Макрон да Франция мен сионистік режимнің Иранға қатысты ортақ алаңдаушылықтарға ие екенін айтты.
Франция Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының маңыздылығын қуаттап, Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақтағы белсенділіктерін қамтитын қосымша келісімнің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қосылуы қажеттігін айтты.