Еуропадағы НАТО-ның қолбасшысы Ресейдің әскери әлеуеті туралы ескертті
https://itolqyn.com/news/world-i3760-Еуропадағы_НАТО_ның_қолбасшысы_Ресейдің_әскери_әлеуеті_туралы_ескертті
Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО- ның аға қолбасшысы генерал Филип Бридлав Ресей президенті Владимир Путиннің саясатымен ел әскерінің бұрынғыдан күшейе түскенін ескертіп, Мәскеудің әскери салаға инвестиция салуды 5 жылдан бері күрт ұлғайтқанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 05, 2016 21:20 Asia/Almaty
  • Еуропадағы НАТО-ның қолбасшысы Ресейдің әскери әлеуеті туралы ескертті

Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО- ның аға қолбасшысы генерал Филип Бридлав Ресей президенті Владимир Путиннің саясатымен ел әскерінің бұрынғыдан күшейе түскенін ескертіп, Мәскеудің әскери салаға инвестиция салуды 5 жылдан бері күрт ұлғайтқанын хабарлады.

НАТО-ның Еуропадағы аға қолбасшысы Ресей соғыс кемелері мен сүңгуір қайықтарының осы елдің Сириядағы іс- қимылдарында алыс қашықтыққа қолданылатын зымырандарды қолдануын Мәскеудің әскери әлеуетінің артқанын көрсетеді деп бағалады.