Зариф Армения мен Әзірбайжан республикасы арасындағы араздықты бейбіт жолмен шешуге мүдделік танытты
Сәу 05, 2016 21:38 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Армения мен Әзірбайжан республикасы арасындағы араздықты бейбіт жолмен шешуге мүдделік танытты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Армения Сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен телефон арқылы сұхбатта Қарабақ аймағындағы қақтығыстарды доғару қажеттігін қуаттап, аймаққа тыныштықты қайтару және Армения мен Әзірбайжан республикасының араздығын бейбіт жолмен шешуге мүдделік танытты. Иран Сыртқы істер министрі сондай- ақ Иран Ислам Республикасының жауласушы тараптар қалаған жағдайда Баку- Ереван келіспеушілігін шешуде рөл атқаруға әзірлігін мәлімдеді.
Тегтер