Рухани: Иран мен Ресейдің лаңкестікпен күрестегі серіктестігі жалғасады
ИИР-ның президенті Ресей президентімен кездесуде Теһран мен Мәскеудің қауіпсіздік және аймақтық серіктестіктерді дамыту саласындағы байланыстарының жалғасуын маңызды деп атап, екі елдің ДАИШ пен аймақтағы басқа да лаңкестік топтармен күресінің жалғасатынын мәлімдеді.
Хасан Рухани сенбі күні Қытайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 18-ші саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде екі ел байланыстарының барлық салалар бойынша дамып келе жатқанын айтып: «Екі ел энергетика суапы, қорғаныс және транзит бөлімдерінде серіктестіктерді дамыту үшін орасан әлеуеттерге ие. Теһран Ресей компаниялары мен жеке секторының Иранға инвестиция салуын қолдайды. Транзит тақырыбында Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік» рельстік дәлізіне қосылуы Шығыспен экономикалық серіктестік үшін үлкен мұрсаттар қалыптастырады» деді.
Владимир Путин де кездесуде Мәскеудің Теһранмен экономика, энергетика суапы, және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықтарын қуаттап: «Мәскеу Иранның Еуразия одағына мүшелігі мен еркін сауда келісімінің тұрақтылығын және Теһранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толық мүшелікке өтуін қолдайды» деді. Путин сонымен қатар Американың «Ортақ қадам» бағдарламасынан шығуын біржақты әрі заңсыз әрекет деп атап, Мәскеудің «Ортақ қадам» келісімін қолдау үшін басқа тараптармен келіссөз өткізуді жалғастыратынын мәлімдеді.