Ресей ТМД елдерінен Сирияда бейбітшілік орнатуға қолдау көрсетуді сұрады
(last modified Tue, 12 Jun 2018 04:39:27 GMT )
Маусым 12, 2018 10:39 Asia/Almaty
  • Ресей ТМД елдерінен Сирияда бейбітшілік орнатуға қолдау көрсетуді сұрады

Ресейдің Қорғаныс министрі ТМД-на мүше елдерден Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға қолдау көрсету үшін іске кірісуді сұрады.

Фарс хабар агенттігінің мәліметі бойынша Сергей Шойгу ТМД-на мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Мүдделері ортақ қоғам Сириядағы инфрақұрылымдарды қалыптастыруға көмектесіп, осы елдің мәселелерін шешу үдерісіне оң ықпал ете алады. Халықаралық лаңкестік ТМД-ға мүше елдердің негізгі түйткілі саналатындықтан, Сирияның жағдайы бұл аймақ үшін маңызды. Ресей мен Иран және Қарсыласу өзегінің талпыныстарымен үш жылда Сирияда ДАИШ лаңкестік тобының көзі жойылып, бұл елдің үлкен бөлігі лаңкестерден азат етілді. Бірақ, лаңкестік қоқан-лоққылары мен нашар экономикалық жағдай Сирияның болашағына әлі қауіп төндіріп тұр» деді.  
 

 

Тегтер