ЮНЕСЕФ: 11 миллион йемендік бала гуманитарлық көмекке мұқтаж
Маусым 13, 2018 14:31 Asia/Almaty
ЮНЕСЕФ қоры сейсенбі күні Йеменнің жағдайын апатты деп бағалап, 11 миллион йемендік баланың гуманитарлық көмекті қажет ететінін жариялады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ЮНЕСЕФ: "Йемен өмірінің негізгі жолы саналатын әл-Хадиде порты жабылуының салдары йемендік балаларды апатқа тірейді",- деді.
Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігінің әскерилері бір ай бұрын Йеменнің батысындағы әл-Хадиде портын басып алу мақсатында өз әрекеттерін бастаған болатын.
Әл-Хадиде порты – Йеменге гуманитарлық көмек жеткізетін негізгі жол.
Тегтер