ЮНЕСЕФ: 11 миллион йемендік бала гуманитарлық көмекке мұқтаж
https://itolqyn.com/news/world-i37728
ЮНЕСЕФ қоры сейсенбі күні Йеменнің жағдайын апатты деп бағалап, 11 миллион йемендік баланың гуманитарлық көмекті қажет ететінін жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 13, 2018 14:31 Asia/Almaty
  • ЮНЕСЕФ: 11 миллион йемендік бала гуманитарлық көмекке мұқтаж

ЮНЕСЕФ қоры сейсенбі күні Йеменнің жағдайын апатты деп бағалап, 11 миллион йемендік баланың гуманитарлық көмекті қажет ететінін жариялады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ЮНЕСЕФ: "Йемен өмірінің негізгі жолы саналатын әл-Хадиде порты жабылуының салдары йемендік балаларды апатқа тірейді",- деді.

Сауд Арабиясы  мен Біріккен Араб Әмірлігінің  әскерилері бір ай бұрын Йеменнің батысындағы әл-Хадиде портын басып алу мақсатында өз әрекеттерін бастаған болатын.

Әл-Хадиде порты – Йеменге гуманитарлық көмек жеткізетін негізгі жол.