Зариф Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i37736-Зариф_Оңтүстік_Африканың_Сыртқы_істер_министрімен_кездесті
Саяси және экономикалық қайраткерлерден құралған делегацияны басқарып, Оңтүстік Африкаға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні африкалық әріптесімен кездесіп, екіжақты маңызды мәселелер туралы пікір алмасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 13, 2018 15:12 Asia/Almaty
  • Зариф Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрімен кездесті

Саяси және экономикалық қайраткерлерден құралған делегацияны басқарып, Оңтүстік Африкаға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні африкалық әріптесімен кездесіп, екіжақты маңызды мәселелер туралы пікір алмасты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл Зариф пен Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрі Линдиве Сисулудың бірінші кездесуі болды. Екі жақ бүгін, сәрсенбі күні де кездесулерін жалғастырады.

Зариф Преторияға келіп түскен кезде журналистерге берген сұхбатта Оңтүстік Африканың Иранның жақын серіктестерінің бірі екенін қуаттап: "Оңтүстік Африка үкіметі әрқашан, яғни келіссөздердің басынан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейінгі уақытқа дейін Иран халқының ядролық тақырыбын қолдады",- деді.

Зариф өткен аптада Теһранда орын алған Иран мен "4+1" тобы мамандарының келіссөздеріне сілтеме жасап: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты барлық тараптар жұмыс істеп жатыр, бірақ уақыт шектеулі",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Иран халқының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының барлық пайдасын көретіндігіне сенімді болуы қажеттігін қуаттап: "Ислам революциясы жетекшісі айтқандай, шектеулер мен санкциялардың бір мезгілде салынуы қабылдауға келмейді»,- деді.