"Renault" компаниясы АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранда қалады
(last modified Sat, 16 Jun 2018 13:48:23 GMT )
Маусым 16, 2018 19:48 Asia/Almaty

Францияның "Renault" компаниясының бас директоры жұма күні АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары қайтарылғанына қарамастан, бұл компанияның бұрынғыдай Иранда өз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Карлос Гон "Renault" компаниясы акционерлерінің жылдық отырысында: "Бұл компания өз белсенділігін азайтуға мәжбүр болса да, Иранды тастап кетпейді", -деді.

"Renault" компаниясы мен Иранның өнеркәсіпті дамыту және жаңарту ұйымы 2017 жылы құны 780 млн долларды құрайтын келісімге қол қойды.

Иран Франция мен Бразилиядан кейін "Renault" компаниясының өнімдерін сататын ең ірі үшінші нарық болып табылады.