Маусым 17, 2018 15:53 Asia/Almaty
  • Гутерриш: Газаға соғыс қаупі төніп тұр

БҰҰ-ның Бас хатшысы Газа секторындағы аянышты жағдайдың соғыстың туындауына түрткі болуы мүмкін екенін ескертті.

"Әш-Шарқ әл-Аусат" трансшекаралық газетінің жазуынша, БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газаның қазіргі қиыншылықтары жайлы есебінде бұл аймақтың жағдайын  соғыс пен қақтығыстың тууына жасалған ескерту деп атап: "Газа халқы жуырда көптеген қиыншылықтарға куә болды. Бұл 2014 жылы ХАМАС пен Израиль арасында болған қақтығыстан әлдеқайда қатерлі. Бұл жағдай барлығымызға соғыстың басталуға жақын қалғанын ескертіп отыр",-деді.

БҰҰ-ның Бас хатшысы "Оралу құқығы" атты ауқымды шеруде Газа мен басып алынған жерлер арасындағы шекара дуалы маңында мыңдаған палестиналықтың шәһид болып, жаралануына әкеліп соқтырған себептерді тәуелсіз әрі ашық түрде зерттеуді талап етіп, шерулерде балалардың, тілшілер мен дәрігерлердің өлтірілуін қабылдауға болмайтын жағдай деп атады.  

 

Тегтер