Ресейдің АҚШ-пен Башар Асадтың келешегі туралы келісуі теріске шығарылды
Сәу 05, 2016 23:14 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Мәскеудің Сирия президенті Башар Асадтың болашағы туралы Вашингтонмен еш келісім жасамағанын қуаттап:
"Бұл мәселе бойынша ешқашан келісім жасалмады, өйткені ол Ресейдің сыртқы саясатына қайшы келеді. Сонымен бірге осы тақырып толығымен Сирия жағдайын кез- келген саяси жолмен шешудің көкжиектерін бұзады" деді.
Тегтер