Арақчи: Еуропа Иран халқының сеніміне ие болу үшін талпыныс жасауы керек
ИИР СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары бейсенбі күні Брюссельде өткен Иран мен Еуропаның экономикалық және технологиялық ынтымақтастықтары жөніндегі екінші халықаралық конференцияда Еуропаның Иран халқының сеніміне ие болуы үшін талпыныс жасауы керектігін, себебі, Иран халқының басым бөлігінің еуропалықтарға сенбейтінін айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейіт Аббас Арақчи: "Ирандықтар АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуын «жаман» және «жақсы» полицияның ойыны санайды. Бұл арада жақсы полицияның рөлін Еуропа ойнап отыр",- деді.
Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары санкциялар мен "Ортақ қадамның" бір-бірімен үйлеспейтінін баса айтты.
Сонымен қатар Иранның Сыртқы қарым-қатынастар жөніндегі стратегиялық кеңесінің төрағасы Камал Харази бейсенбі күні италялық Il Manifesto газетіне берген сұхбатында: "Еуропа АҚШ-тың бұзақылығымен күресуі тиіс",- деді.
Харази АҚШ-тың санкцияларының тек Иранға ғана емес, сондай-ақ барша әлемге, әсіресе Еуропаға қарсы бағытталғанын мәлімдеді.
Харази АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуын халықаралық заңдарды бұзу деп атады.