Ресей Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының Сирияға қатысты есептерінің жалған екенін растады
(last modified Sun, 24 Jun 2018 17:57:00 GMT )
Маусым 24, 2018 23:57 Asia/Almaty
  • Ресей Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының Сирияға қатысты есептерінің жалған екенін растады

Ресейдің Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктері: "Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының Сирияда химиялық шабуыл жасалғаны туралы есептері жалған деректер негізінде дайындалған",-деп хабарлады.

Russia Today телеарнасының хабарлауы бойынша, РФ СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова осы елдің Қорғаныс министрімен өткізген ортақ баспасөз конференциясында Сирияда лаңкестердің химиялық қарулар жасауға арналған қоймаларынан батыстық жабдықтардың табылғанын хабарлады.

Захарова лаңкестердің Сирияның оңтүстігіндегі Дума ауданында қолдан жасалған және технология тұрғысынан дамыған жабдықтарды пайдаланғанын айтып, жабдықтардың бір бөлігінің шыққан жерін Еуропа елдері деп атады.

Ресей армиясының радиоактивті заттар, химиялық және микробтық қаруларға қарсы күштерінің қолбасшысы Игорь Крылов: "Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының мамандары мағлұмат жинау үшін тіпті Дума сияқты аудандарға да бармаған",-деп қуаттады.  

 

Тегтер