АҚШ сенаторы миллиондаған америкалықтың қатты кедейшілікте өмір сүріп жатқанын мойындады
(last modified Mon, 25 Jun 2018 18:25:08 GMT )
Маусым 26, 2018 00:25 Asia/Almaty
  • АҚШ сенаторы миллиондаған америкалықтың қатты кедейшілікте өмір сүріп жатқанын мойындады

АҚШ сенаторы Берни Сандерс бұл елде миллиондаған адамның қатты кедейшілікте өмір сүріп жатқанын мойындады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Вермонт штатының сенаторы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл елде кедейшіліктің артқанына, үкімет басшыларының бұл мәселені жасырып отырғанына алаңдаушылық білдіріп:  "Осы негізде АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли осы ұйымның АҚШ-тағы кедейшілік туралы есебін беделсіз деп көрсетуге тырысты.

Никки Хейлидің АҚШ қоғамындағы шындықтарды жасыруға тырысуының себебі мынада: тарихтағы ең бай елде миллиондаған адам өте кедей жағдайда өмір сүріп жатыр: олардың медициналық сақтандыруы жоқ, дәрі сатып ала алмайды, арзан тұрғын үй таба алмайды",-деді.