Ресей Батыстың Сирияға қастандық жобалағанын ескертті
(last modified Mon, 25 Jun 2018 18:31:28 GMT )
Маусым 26, 2018 00:31 Asia/Almaty
  • Ресей Батыстың Сирияға қастандық жобалағанын ескертті

РФ СІМ-нің ақпарат хатшысы Батыстың Сирияға қастандық жасау талпынысы туралы ескертті.

РФ СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова Russia Today агенттігіне берген сұхбатында: "Батыстықтар Сирияға қастандық жасауды көздеп отыр. АҚШ бастаған коалиция мен Таяу Шығыстағы кейбір елдер Сирияның заңды үкіметін құлату мақсатында аймаққа кіріп, белгілі бір механизмдер арқылы Башар Асад билігінің заңдылығына күмән тудырғысы келді. Америкалық-араб коалициясының бұл миссиясы жеңіліс тапты. Кейбір елдердің осы мақсатты орындау үшін қаржылай қолдау көрсеткенін дәлелдейтін толық ақпарат бар",-деді.

Ресейлік қайраткер сириялық азаматтарды қырағылық танытып, "Ақ қалпақтылар" сияқты топтардың күмәнді бағдарламаларына алданып қалмауға шақырды.

Захарова өткен аптада Батыс-араб ағымының келесі әрекетінде Башар Асад үкіметін айыптау мақсатында "Ақ қалпақтылар" тобын пайдалану арқылы Сирияда химиялық шабуылдар жасауды көздеп отырғанын әшкере етті.

 

Тегтер