Лавров пен Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы телефон арқылы сөйлесті
Маусым 26, 2018 15:19 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрлігі елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Лавров пен Зариф кездесуде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қазіргі жағдайы туралы пікір алмасқан.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің осы хабарына сәйкес, екі елдің Сыртқы істер министрлері сондай-ақ, Каспий теңізі жағалауындағы елдердің отырысы туралы сөйлескен. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау туралы теңіздің жағалауындағы елдер басшыларының саммиті тамыз айында Ақтау қаласында өтеді.
Тегтер