Адам құқығының инспекторлары Сауд Арабиясын қара тізімге енгізуді қолдады
Маусым 27, 2018 22:00 Asia/Almaty
Еуропаның адам құқығының бақылаушылары Сауд Арабиясының балалардың құқықтарын бұзушылардың қара тізіміне енгізуді маңызды деп атап, бұл ұсынысты қолдады.
"Әл-Джазире" телеарнасының мәліметі бойынша Еуропаның адам құқығының бақылаушылары: "Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның атын қақтығыс жүріп жатқан аймақтардағы балалардың құқықтарын бұзушылардың тізіміне енгізу маңызды жайт, өйткені бұл тізім халықаралық сот үшін соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыс жасағандарға қарсы іс қозғайтын құжат бола алады. Бұл тізімге Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі және мектептер мен ауруханаларды нысанаға алу сияқты үлкен қылмыскерлер кіреді",- деп мәлімдеді.
Тегтер