Путин Болтонмен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жөнінде кеңесті
Ресей Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің РФ Президентімен кездесуінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы және АҚШ-тың осы халықаралық келісімнен шыққаны туралы сөйлескенін хабарлады.
Ресей Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков тілшілерге берген сұхбатында РФ Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы және АҚШ-тың одан шыққаны, стратегиялық тұрақтылық, ядролық қаруларды бақылау, Солтүстік Корея мәселесі, Сирияның жағдайы мен Украина дағдарысы жайында сұхбаттасқандарын, Болтонның Путинмен кездесуінде Ресей мен АҚШ қарым-қатынасына қатысты мәселелер, соның ішінде екі ел басшыларының кездесуі де талқыланғанын айтты.
Кейбір ақпарат көздері Путин мен Трамптың Финляндияның астанасы Хельсинкиде кездесетіні туралы хабарлады.