Могерини: Еуропа одағы Иранға қолдау көрсету пакетін ұсынуға дауыс берді
(last modified Sat, 30 Jun 2018 08:03:53 GMT )
Маусым 30, 2018 14:03 Asia/Almaty
  • Могерини: Еуропа одағы Иранға қолдау көрсету пакетін ұсынуға дауыс берді

Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Могерини Еуропа одағының 28 оң дауыспен "Ортақ қадам" келісімі шеңберінде ИИР-на қолдау көрсету пакетін бекіткенін мәлімдеді.

Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини жұма күні Брюссельде өткен Еуропа одағы басшыларының екі күндік отырысының соңында: "Алдағы екі күннің ішінде қолдау көрсету пакетінің мазмұны ИИР-ның басшыларына ұсынылады. Болгария ғана Иранға қолдау көрсету пакетін ұсынуға қарсылық білдірген жалғыз мемлекет болды. Алайда, соңында оң дауыс берді",- деді.

"Ортақ қадам" келісімін қолдаушы тараптар Франция, Ұлыбритания, Германия Иран үшін арнайы қолдау пакетін әзірледі. Еуропа одағы басшыларының келісіміне сәйкес, Еуропа инвестициялық банкіне ИИР-на қолдау көрсету міндеті жүктелген.

Мұның алдында Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи Еуропа одағының Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасы шеңберіндегі мүдделеріне кепілдік беруге бағытталған ұсыныстар пакетінің маусым айының соңына дейін ұсынылу ықтималын хабарлаған болатын.