Сауд Арабиясының мұнай өндірісінің көлемін 2 миллион баррельге арттыруға шамасы келмейді
(last modified Sun, 01 Jul 2018 09:09:34 GMT )
Шіл 01, 2018 15:09 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының мұнай өндірісінің көлемін 2 миллион баррельге арттыруға шамасы келмейді

Мұнай экспорттаушы елдері ұйымындағы (ОПЕК) Иранның өкілі сенбі күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдулазизге бұл елдегі мұнай өнідірісі көлемін күніне 2 миллион баррельге арттыру туралы жасаған өтінішіне реакциясында Риядтың оған шамасы келмейтінін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Каземпур Ардебели: "Егер Сауд Арабиясы бұл іске барса, бұл әрекет Сауд Арабиясының ОПЕК-тен шығуына шешім қабылдау дегенді білдіреді",- деді.

Иранның ОПЕК-тегі өкілі бұл ұйымның 158 мүшесінің маусымның жиырма екісі күні ОПЕК-тің Венада өткен 174-ші отырысында мұнай көлемін күніне 1 миллион 200 000 баррельге азайтып, өндіріс шегін 32 миллион 500 000 баррельге жеткізуге негізделген алдыңғы келісімін сақтап, міндеттелген өнідіріс көлемін шамадан тыс азайтуды доғарып, алдыңғы келісімді жүзеге асыруды 100 пайызға жеткізуге шешім қабылдағанын айтты.

Трамп сенбі күні таңертең Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Сауд Арабиясы королінің елінің мұнай өндірісінің көлемін 2 миллион баррельге арттыру жөніндегі өтінішімен келіскенін хабарлады.

АҚШ президенті бұл өтініштің Иран мен Венесуэаланың мұнай өндірісі көлемін азайтуын өтеу мақсатында жасалғанын мәлімдеді.