АҚШ-тың жер-жерінде Трамптың көші-қон саясаттарына қарсы шерулер өтті
АҚШ-тың түрлі аймақтарында ел Үкіметінің көші-қон саясаттарына қарсы наразылық шерулер ұйымдастырылды.
Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, шерушілер АҚШ-тың түрлі қалаларында, соның ішінде Атланта, Вашингтон және Сент-Луис қалаларында Трамптың көші-қон саясаттарына қарсы наразылық шерулерін ұйымдастырған.
Осы мәліметке сәйкес, АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында халықтың көшелердегі наразылық шерулерімен қоса виртуалды кеңістіктің пайдаланушылары да "Отбасылар бір-біріне тиесілі" деген хэштегпен Трамптың көші-қон саясатына қарсы наразылықтарын білдірген.
Аамерикалық ақпарат құралдары елдің әртүрлі штаттарындағы қалаларда 600 шеру ұйымдастырудың жоспарланып отырғанын хабарлады. Трамп үкіметінің мамыр айындағы мигранттарға қарсы саясаттарын жүзеге асыру басталғаннан бері 2300-ден астам бала отбасыларынан ажыратылды.