Еуроодақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға талпыныс жасайды
Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілінің баспасөз хатшысы Брюссельдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін толық орындайтынын қуаттады.
Кувейт ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілінің баспасөз хатшысы Майя Косьянчич дүйсенбі күнгі ақпарат отырысының бірінде: "Еуропа Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімдегі міндеттемелерін толық орындайтынын және бұл келісімнің нәтижелі болатынын қуаттады. Өйткені, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Еуропа мен халықаралық қоғамның қауіпсіздік мүддесі үшін маңызды. Еуроодақ пен халықаралық компаниялар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап, оның артықшылықтарын пайдалану үдерісін жалғастыру үшін көп әрекет жасады",- деді.