Иран мен Швейцария қарым-қатынастарын дамыту жолдарын қарастыруда
(last modified Tue, 03 Jul 2018 16:51:02 GMT )
Шіл 03, 2018 22:51 Asia/Almaty
  • Иран мен Швейцария қарым-қатынастарын дамыту жолдарын қарастыруда

Иран мен Швейцария Президенттері дүйсенбі күні екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани  мен Швейцария Президенті Алан Берсет екі елдің ортақ қарым-қатынастарын дамытуға мүдделіктерін қуаттады.

Рухани сондай-ақ, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын халықаралық әрі жан-жақты келісім деп атап, АҚШ-тың бұл келісімнен шығуының халықаралық міндеттемелеріне берік емес екенін көрсететін айтты.

Иран Президенті сөзінің жалғасында екі елдің аймақ пен әлем мәселелері туралы пікір алмасуларын нығайту қажеттігін қуаттап: "ИИР  еш уақытта аймақта қайшылықты бастаушы болған жоқ. Біздің саясатымыз көршілес елдермен достық қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастық жасауға негізделген",- деп баса айтты.

Швейцария Президенті де кездесуде Теһран-Берн қарым-қатынастарын жақсы және ғылыми ынтымақтастық пен ортақ жобаларды іске асыру саласындағы жұмыстарды ілгерілеу үстінде деп бағалады. Ол сондай-ақ, елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын қуаттап: "Ұзаққа созылған келіссөздердің нәтижесінде орын алған бұл келісім БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан расталды. Барлық елдер оны сақтап қалуға талпыныс жасауы керек",- деді.