Швейцария "Ортақ қадамды" қолдайды
Швейцария президенті елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын айтып, оны дипломатияның үлкен жеңісі деп атады.
Швейцария президенті Ален Берсе Иран президенті Хасан Руханидың қатысуымен Бернде өткен бизнес форумда елінің "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдайтынын мәлімдеп, оны дипломатияның үлкен жеңісі деп атап, ядролық келісімнің барлық мүшелерінен оны жүзеге асыруды жалғастыруды сұрап: "Иран өркениеті мен ирандықтардың жоғары деңгейдегі мәдениеті екі елдің барлық салалар бойынша жақсы қатынас орнатуы үшін ең маңызды кепіл болып табылады",- деді.
Швейцария президенті өз елінің Иранмен арадағы қаржы айналымын жалғастыруына мүдделік танытып, екі елдің ортақ экономикалық отырысының алғашқы комитетін құруды осы бағыттағы қадам деп атады.
Ален Берсе сөзінің жалғасында: "Иран мен Швейцария ғылым және технология саласында тікелей қарым-қатынас орнатуы керек. Сонымен қатар, екі ел тасымал, денсаулық сақтау мен ғылыми ынтымақтастықтар жөнінде жаңа құжаттарға қол қоюы керек",- деді.