Шіл 04, 2018 14:25 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы еш уақытта зорлық-зомбылыққа бағынбайды

ИИР Президенті Венада Австрияда тұратын ирандықтардың ортасында сөйлеген сөзінде Иран халқының еш уақытта бөгделердің қысымына бағынбайтындығына тоқталып: "Тарих бойында Иран халқының құқықтарына жасалған барлық шабуыл сәтсіздікке ұшырады",- деді.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шығуына тоқталып: "Баршаға Иранның өз міндеттемелерін толық орындағаны және АҚШ-тың зорлық-зомбылық көрсеткені белгілі. Негізінде, Америка тек Иранға ғана емес, "жетілік" тобының мүшелері мен Қытайға, сондай-ақ басқа елдерге де зорлық көрсетуде",- деді.

Иран Президенті бүшінде Қауіпсіздік кеңесі мен Еуроодақ сынды  халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің және әлем халықтарының көбінің ИИР-ның қасында тұрғанына сілтеме жасап: "АҚШ-тың Иранға қарсы тұруы  бұл елге көптеген шығын келтіреді. Иран бұрынғыдай АҚШ-тың қастандықтарын нәтижесіз қалдырады. Өйткені, олардың ұстанымдары қисынсыз, заңсыз және халықаралық міндеттемелер мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімдеріне қайшы. Америкалықтар Иранның әлеммен қарым-қатынасын бұзғысы келеді. Бірақ, еш уақытта өз мақсаттарына жетпейді. Олар әлемнің абсолютті құдыреті емес",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер