Шіл 04, 2018 16:39 Asia/Almaty
  •  Иран Президенті Еуропаның орталығынан мағынаға толы жолдау жіберді

ИИР Президенті сейсенбі күні Венада Австрияда тұратын ирандықтардың ортасында сөйлеген сөзінде Иран халқының еш уақытта бөгделердің қысымына бағынбайтындығына тоқталып: "Тарих бойында Иран халқының құқықтарына жасалған барлық шабуыл сәтсіздікке ұшырады",- деді.

Иран Президенті Вена сапарынан бұрын Бернде Иран мен Швейцариядағы экономикалық конференцияда сөйлеген сөзінде: "Біздің жолдауымыз бүгінгі дүниеде саяси, қауіпсіздік, экономикалық, ғылыми және қоршаған орта немесе басқа салаларда біржақты саясаттың нәтижеге жетпеуіне байланысты. Америкалықтар Иран мен әлемнің қарым-қатынасын бұзу туралы уәж айтады. Бірақ, олар еш уақытта бұл мақсатқа жете алмайды. Олар әлемнің абсолютті құдыреті емес",- деді.

Дүние АҚШ-тың Иранға санкция салу туралы қоқан-лоққысын іске асырудың алдында олардың ықтималды салдарларынан хабардар болуы керек. Иран Президенті осы күндері Еуропада Швейцария мен Австрия басшыларымен кездесуінде Трамптың қоқан-лоққыларына қарсы мағынаға толы жолдау жіберді.

Рухани Швейцарияда тұратын ирандықтардың ортасында Трамптың Иранның мұнай экспортын толығымен тоқтату туралы қоқан-лоққыларына реакция білдіріп: "Америкалықтардың бірі "Иранға мұнайын экспорттауға рұқсат етпейміз" деген болатын. Ол өз сөзінің мағынасын сараптай алмайтын болар. Оның сөзінің мағынасы солай болса, бүкіл аймақтың мұнайы экспортталмайтын болады. Иранның мұнайы экспортталмайтын болса, аймақ мұнайының экспортталуы мүмкін бе? Бұл сөздерінің мағынасын түсінетін болса, айқын. Бірақ ол түсінбей, Иранға мұнайының бір тамшысын да экспорттатпайтыны туралы айтқан болар. Егер бұл істі жасай алған болсаңдар, оның салдарын көресіңдер",- деді.

АҚШ басшыларының Иранға қарсы қоқан-лоққылары мен олардың Иран мұнайы экспортының алдын алу туралы уәждері экономикалық, саяси және географиялық стратегиялық жағдайға ие әрі әлемнің ең маңызды су жолдары мен энергетикалық өткелдердің бірі  саналатын Ормуз бұғазысын қауіп-қатерге тіреу бүкіл әлемді қатерге тірейтін жағдайда айтылып отыр.

"Рейтерс" ақпарт агенттігі Руханидің Швейцариядағы сөздеріне реакция білдіріп: "Вашингтонның Иран мұнайының экспортын тоқтатуға қысым жасауы Парсы шығанағы аймағының мұнай экспортына теріс әсер етуі мүмкін",- деп жазды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің бұрынғы өкілі әрі халықаралық мәселелердің маманы Нузар Шафиғи Руханидің Иран мұнайы экпортталмаса, аймақ мұнайының экспортталмайтыны туралы ескертуіне қатысты: "Сыртқы саясат – жолдаулармен алмасатын алаң. Сондықтан Иран да қолында бар күшін  көрсетуде. Иранның Ішкі министрі айтқандай, "Бір тәуліктің ішінде  елдің батыс шекараларынан Еуропаға бір миллионнан астам босқын өтеді". Бұл мәселе Иранға қарсы санкцияның әлемнің экономикасы мен қауіпсіздігіне теріс әсер ететінін көрсетеді. Қазіргі жағдайда Иран сияқты елге қарсы санкция салу нәтижеге жеткізбейді. Өйткені, Иран қарсы пайдалана алатын әртүрлі құралдарға ие",- деді.

Швейцария Президенті де Иранның өркениеті мен ирандықтардың жоғары мәдениетін екі елдің жан-жақты қарым-қатынастары үшін ең маңызды кепілдік деп атады.  

 

 

Тегтер