Кабулдағы Иран елшілігі «Иран талибандарды жаттығудан өткізеді» деген уәждерге реакция білдірді
Ауғанстандағы Иран елшілігі кейбір батыс ақпарат құралдарының «Иран талибандарды жаттығудан өткізеді» деген уәждерін негізсіз деп атап, оны теріске шығарды.
IRNА-ның хабарлауы бойынша Ауғанстандағы Иран елшілігі сәрсенбі күні мәлімдеме жариялап, кейбір батыс елдерінің «Иран талибан күштерін әскери дайындықтан өткізеді» деген айыптарын теріске шығарып: «Лаңкестік пен әсірешілдік аймақтың барлық елдері үшін ортақ қоқан-лоққы болғандықтан онымен күресу үшін ұжымдық талпыныс пен серіктестік бұлтартпас қажеттілік саналады.
Иран елшілігі шындыққа жанаспайтын және айғақ-деректерге негізделмеген осындай айып тағудың мақсатын Ауғанстанның қоғамдық пікіріне қарсы психикалық соғыс ашып, Иран мен Ауғанстан үкіметтерінің жақсы байланыстарына нұқсан келтіру деп санайды» деді.
Өткен күндері Ауғанстанның кейбір БАҚ English Times газетінің «Талибандықтар Иранда жаттығудан өтеді» деген уәждеріне сілтеме жасап, хабар таратқан болатын.