Шіл 05, 2018 14:47 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның Сириядағы негізгі мақсаты ДАИШ-ке соққы беру болды

Иран президенті ИИР-ның Сириядағы негізгі мақсатының ДАИШ лаңкестік тобына қарсы негізгі соққы беру болғанын баса айтып: "Иран лаңкестердің көзін толығымен жойып, лаңкестердің демеушілерінің, әсіресе сионистік режимнің бетін қайтару үшін Сирияда қалады",- деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Венада Аустрия канцлері Себастьян Курцпен өткізген ортақ баспасөз конференцияда кейбір еуропалық елдердің мойнында еврейлерге тарихи қарызының бар екендігіне тоқталып: "Еврейлер ирандықтарға қарыздар. Себебі, ирандықтар ежелгі Вавилонда еврейлердің өмірін құтқарып қалған. Сол себепті олар өмір бақи ирандықтарға қарыздар болып қалады",- деді.

Иран президенті сионистерді басқыншы топ деп атап: "Сионистер Газа секторының тұрғындарын бомбалап, Сирияның ішкі істеріне араласып,  ДАИШ лаңкестік тобына қолдау көрсету арқылы аймақта өте бүлдіргі рөл атқарып отыр",- деді.

Аустрия канцлері Себастьян Курц та баспасөз конференциясы кезінде Сирия халқының жағдайын алаңдатарлық деп атап, аймақтың барлық елдері мен әлемдік алпауыт елдердің Сирия дағдарысын шешуге өз үлестерін қосып, бұл мемлекет халқының азап шегуін тоқтатуда елеулі рөл атқаратындығына үміт білдірді.

 

 

Тегтер