"Ортақ қадамның" сақталуы еуропалықтардың іс жүзіндегі жауапкершілігіне байланысты
https://itolqyn.com/news/world-i38162
Иран президенті Хасан Рухани Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) бас директоры Юкия Аманомен Венада кездесуінде: "Егер "Ортақ қадамға" сәйкес өз халқымыздың құқықтарына қол жеткізе алмасақ, кез келген жағдайда басқа шешім қабылдаймыз",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 05, 2018 17:54 Asia/Almaty

Иран президенті Хасан Рухани Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) бас директоры Юкия Аманомен Венада кездесуінде: "Егер "Ортақ қадамға" сәйкес өз халқымыздың құқықтарына қол жеткізе алмасақ, кез келген жағдайда басқа шешім қабылдаймыз",- деді.

Рухани сәрсенбі күні кешке Аустрияның астанасы Венаға жасаған сапары барысындағы соңғы бағдарламасында Аманомен кездесіп: ""Ортақ қадам" дипломатия мен АҚХА үшін үлкен жетістік болды. Осы жетістікті одан әрі жалғастыру "Ортақ қадамның" барлық тараптарының өз міндеттемелерін бірдей атқаруына байланысты",- деді. Иранның СІМ Мұхаммад Джавад Зариф те сәрсенбі күні Венада "Ортақ қадам" бағдарламасының ортақ комиссиясының СІМ деңгейіндегі отырысы  қарсаңында Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: ""Ортақ қадамға" беріктік айқын түрде көрініс тапты, тек соны жүзеге асыру қажет" деп жазды.

Алда АҚШ-тың қатысуынсыз Венада өтетін "Ортақ қадам" бағдарламасының ортақ комиссиясының отырысы еуропалықтардың АҚШ-тың бұл ядролық келісімнен шығуының жалғасында "Ортақ қадамды" сақтап қалуды қолдау шешімінің қаншалықты шындыққа жанасатынын көрсетуге бағытталған аса маңызды отырыс болмақ. "Ортақ қадам" келісімінің еуропалық тараптары 2018 жылдың мамырдың сегізі күні АҚШ-тың бұл келісімнен шыққан кезінен бастап, әрдайым "Ортақ қадамды" қорғап, өздерінің дипломатиялық мәлімдемелерінде өз ерік-жігерлерін білдіріп келеді. Алайда Иран үшін еуропалықтардың іс жүзіндегі әрекеттері маңызды. Қазірде Иранның олар үшін тағайындаған уақыты аяқталып қалды. Соңғы хабарларға сәйкес, еуропалық тараптар осы аптаның жұма күні еуропалық "Ортақ қадамды" сақтап қалуға бағытталған ұсыныстар пакетін Иранға тапсырады. Ұсыныстар пакеті революция жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи анықтаған шарттарға сәйкес болуы тиіс. Иранның өзіне қажет мұнай көлемін сатып алуы, Иран мен Еуропа арасындағы банктік байланыс пен АҚШ-тың санкцияларына ашық түрде қарсылық білдіру ислам революциясы жетекшісінің еуропалық "Ортақ қадамды" жүзеге асыруды жалғастыру үшін бекіткен шарттарының қатарын құрайды.

Бүгінгі таңға дейін "Ортақ қадамды" сақтап қалуға бағытталған істердің жеткілікті әрі көңілдегідей болмауына қарамастан,  Еуропа Парламенті сәрсенбі күні кешке Еуропаның Сауда және инвестиция банкінің Иранмен ынтымақтастық жасау туралы заң жобасын қолдауы "Ортақ қадамды" сақтап қалу жолындағы оңтайлы белгі саналады. Осы аяда, Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябков сейсенбі күні Иранмен арадағы ядролық келісімді сақтап қалу жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізілгенін, алайда олардың жеткіліксіз екендігін баяндап: "АҚШ-тың санкцияларына қарсы Иранның экономикалық мүдделерін сақтау мәселесі "Ортақ қадамда" қалған алты елдің СІМ-лерінің жұма күні өтетін отырысында талқыланады",- деп мәлімдеді.

ИИР шынайы іс жүзіндегі кепілдіктерді алу үшін еуропалық тараптармен кеңесу өткізіп, үш еуропалық мемлекеттің саяси ұстанымымен шектеліп қалмайды. Иран АҚШ-сыз "Ортақ қадамды" сақтап қалу үшін іс жүзіндегі қадамдарды жасауды, атап айтқанда АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары өз күшіне енген сәтте өзінің мұнай өнімін сатуы, банктік мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыру секілді мәселелерді көздеп отыр. Басқаша айтқанда, Иранға қарсы санкциялардың күшін жою – "Ортақ қадамның" ажырағысыз бөлімі саналады. Сондықтан Еуропа оны жүзеге асыруды жалғастыруға кепілдік беруі тиіс.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды күшейтетіні туралы қоқан-лоққылары ірі еуропалық компанияларды Иранмен әріптестік жасауға шүбә тудырып, Иранмен ынтымақтастық жасауды доғаратыны туралы сөз айтуға итермеледі. Бұл мәселе еуропалықтардың "Ортақ қадамды" сақтап қалуға бағытталған дипломатиялық еркіне сәйкес келмейді. Сол себепті Иран СІМ Иранның Еуропаға берген мұрсатының соңғы күндері тағы да "Ортақ қадамның" еуропалық тараптарының ерік-жігерінің шынайы іс-әрекетке айналуы тиістігін баса айтты. Қазіргі кезге дейін Еуропаның "Ортақ қадамды" сақтауға бағытталған әрекеттерінің жарқын көкжиектері болмағанына қарамастан, жұма күні Венада өтетін "Ортақ қадам" бағдарламасының ортақ комиссиясының отырысы белгілі бір дәрежеде бұл мәселені айқындайды. Егер Иран қазіргі жағдайды қабылдамаса, пайда болған жағдайды өзгерту Иранның алдында тұрған таңдаулардың бірі саналады. АҚШ-тың стратегиялық мақсаты – Иранды "Ортақ қадамнан" шығару. Алайда Иранның негізгі әрі ақылға қонымды саясатының арқасында бүгінгі таңда еуропалықтардың тәуелсіз ойыны арқылы әлемдік дипломатиялық жетістікті сақтап қалу үшн қаншалықты іс жүзіндегі жауапкершілікті мойнына алатынын көрсету мақсатында ойын добы еурпалықтардың алаңында жатыр.