Саудиялық коалицияның ал-Ходейдаға жасаған шабуылында 121 000 адам босқынға айналды
https://itolqyn.com/news/world-i38164
БҰҰ саудиялық коалицияның Йеменнің ал-Ходейда айлағына жасаған шабуылындағы қақтығыстарда осы аймақтың 121 000 тұрғынының босқынға айналғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 05, 2018 18:39 Asia/Almaty
  • Саудиялық коалицияның ал-Ходейдаға жасаған  шабуылында 121 000 адам босқынға айналды

БҰҰ саудиялық коалицияның Йеменнің ал-Ходейда айлағына жасаған шабуылындағы қақтығыстарда осы аймақтың 121 000 тұрғынының босқынға айналғанын хабарлады.

Сауд режимі мен БАӘ-нің Йеменнің ал-Ходейда айлағын басып алу үшін жасаған шабуылдары жеңіліс тауып, шабуылдарды уақытша тоқтату бітімі жарияланған соң БҰҰ осы әскери басқыншылық салдарынан босқынға ұшырағандардың соңғы статистикасын жариялады.
БҰҰ-ның Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі ал-Ходейдадағы жуырдағы қақтығыстар салдарынан туындаған медициналық және санитарлық нашар жағдайға қатысты ескерту жасады.

Саудиялық басқыншы коалицияның соғысқұмарлығы 2015 жылдың наурыз айының 14-нен басталып, осы уақытқа дейін 14000-нан астам йемендіктің қаза тауып, ондаған мың адамның жараланып, миллиондаған адамның босқынға айналуына себеп болды.