Лавров: Иран "Ортақ қадамнан" шықпайды
Шіл 07, 2018 19:11 Asia/Almaty
Ресей СІМ Мәскеудің Иранның ядролық келісімнен шықпайтындығына сенімді екенін мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей СІМ Сергей Лавров "Бестік" ("4+1") тобы мен Иран сарапшыларының АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шыққанына байланысты Иранмен сауда-саттықты жалғастыруға негіз жасайтын құралдарды қарастырып жатқанын айтты.
Лавров "Ортақ қадамда" қалған бес мемлекеттің АҚШ-тың Иранға қарсы қоқан-лоққыларын заңсыз санайтынын баса айтып: " АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуына байланысты Иранның да одан шығуға құқығы бар. Бірақ, Иран ондай әрекетке бармайды",- деп мәлімдеді.
Тегтер