Химиялық қаруды таратуға тыйым салу ұйымы Дума қаласы жайлы есебін жариялады
(last modified Sun, 08 Jul 2018 11:54:02 GMT )
Шіл 08, 2018 17:54 Asia/Almaty
  • Химиялық қаруды таратуға тыйым салу ұйымы Дума қаласы жайлы есебін жариялады

Химиялық қаруды таратуға тыйым салу ұйымы Сирияның Шығыс Ғуте аймағында орналасқан Дума қаласынан алынған үлгілерде жүйке жүйесіне әсер ететін заттардың табылмағанын хабарлады.

France News ақпарат агенттігінің сенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Химиялық қаруды таратуға тыйым салу ұйымы Сирияның Дума қаласында жүйке жүйесін зақымдайтын химиялық заттардың табылмағанын баса айтып, бұл аймақта хлор газын пайдалану ықтималдығын қуаттады.

Химиялық қаруды таратуға тыйым салу ұйымының есебіне сәйкес, зертеу нәтижелерін сараптау талпыныстары жалғасып, басты мақсат табылған хлордың табиғатта кездеспейтін көлемде немесе өндірістік жолмен алынатын түрдегі көлемде екенін анықтау болып табылады.

Аталмыш есеп Сирия үкіметінің бірнеше жыл бұрын өзінің барлық химиялық қару-жарақтарын БҰҰ-ның бақылауына тапсырған жағдайда жарияланып отыр.

Дума аймағында орналасқан лаңкестер сәуірдің жетісі күні Дамаскті осы аймаққа химиялық шабуыл жасады деп айыптады. Бұл Сирия үкіметі тарапынан қатаң түрде теріске шығарылды.