«Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы франциялық компанияға санкция салуды талап етті
(last modified Sun, 08 Jul 2018 17:18:25 GMT )
Шіл 08, 2018 23:18 Asia/Almaty
  • «Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы франциялық компанияға санкция салуды талап етті

"BDS" деп аталатын «Израильге бойкот жариялау» әлемдік қозғалысы басып алынған Палестина жерлерінде (Израильде) қалашық құрылысы мен сионистік компанияларға қолдау көрсеткені үшін франциялық AXA Group (АКСА) сақтандыру компаниясына санкция салуды талап етті.

«Израильге бойкот жариялау» (BDS)  әлемдік қозғалысы сионистік режимнің басып алған Палестина жерлеріндегі жобаларымен ынтымақтастық жасағаны үшін АКСА сақтандыру компаниясына санкция жариялауды ұсынды.

BDS әлемдік қозғалысы АКСА компаниясының сионистік режиммен қарым-қатынасы мен ынтымақтастық жасауына наразылардың қолын жинауда.

Адам құқығы қоғамының әлемдік федерациясы 2017-ші жылдың наурыз айында мәлімдеме жариялап: "Францияның төрт банкі мен сақтандыру компанияларының бірі сионистік режимнің басып алынған Палестина жерлеріндегі әрекеттеріне қолдау көрсетуде",- деп мәлімдеді. BDS әлемдік қозғалысы Палестинаның зорлық-зомбылық көріп отырған халқын қолдап, әлемнің жер-жеріндегі компаниялар мен жоғары оқу орындарын, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды сионистік режимге санкция салуға шақырады.