Путин Ресейдің Ұлттық гвардиясын құру туралы жарлық шығарды
(last modified Wed, 06 Apr 2016 11:35:45 GMT )
Сәу 06, 2016 17:35 Asia/Almaty
  • Путин Ресейдің Ұлттық гвардиясын құру туралы жарлық шығарды

Ресей Президенті Владимир Путин сейсенбі күні елдің Ұлттық гвариясын құру туралы жарлық шығарды. Ұлттық гвардияны осыған дейін Ресей Ішкі істер министрлігінің күштерін басқарған генерал Виктор Золотов басқаратын болды.

Ресей Президентінің айтуы бойынша бұл гвардия лаңкестік, экстремизм және ұйымдастырылған қылмыстармен күресіп, Ресей Ішкі істер министрлігімен тығыз жұмыс жасайтын болады. Ресей Президенті өз Жарлығында: «Ұлттық гвардия күштері басқа бірліктермен жақын ынтымақтастық жасап, ішкі қауіпсіздікті нығайтуға күш салып, жедел әрекет ететін арнайы күштердің кейбір міндеттерін өз мойнына алады»,- деді.

Ресей Президенті сонымен бірге Ресей федералдық миграция ұйымы мен есірткімен күресетін федералдық ұйымды Ішкі істер министрлігінің қарамағына енгізді. Ресейлік ақпарат құралдарының көбі Мәскеу мен Санкт- Петербургте лаңкестік әрекет жасамақ болған ДАИШ мүшелерінің құрықталғандары туралы хабарлаған болатын. Путинның Ұлттық гвардия құру туралы шешімі Еуропадағы таяудағы қауіпсіздік саласындағы оқиғалар, атап айтқанда ДАИШ-тің еуропалық мемлекеттерге, соның ішінде Ресейге қарсы лаңкестік қоқан-лоққылардың көбеюіне және ресейлік экстремистердің Сирия мен Ирактан оралуына қатысты деген ой туады. Шын мәнінде Ресей біраздан бері елінің ішіндегі, әсіресе Солтүтік Кавказ аймағындағы экстремистермен күресуде. Басқа жақтан Ресейдің қауіпсіздік саласы басшыларының айтуынша, шамамен 3-5 мың ресейлік азамат ДАИШ және Джебхат ән-Носра сынды лаңкестік топтарға қосылған. Бұл адамдар әскери жаттығулардан да өткен. Сондықтан олардың Ресейге қайтып оралуы қауіпсіздікті қатерге тірейді. Ресей үкіметі бұдан бұрын да лаңкестік қоқан-лоққыларға қарсы шаралар қолданған. Олардың ең маңыздысы 2015-ші жылдың соңындағы Каспий теңізі, Кырым түбегі және елдің шығыс аймақтарындағы жағалаулардағы лаңкестікке қарсы әрекет жасайтын орталықтар құруы болды. Ресейдің саяси және қауіпсіздік саласы қайраткерлерінің пікірінше бұл орталықтарды құруға елдің шекараларындағы лаңкестік әрекеттер ықтималының көбеюі себеп болған.

2015-ші жылдың 30-шы қыркүйегінде Ресейдің Сириядағы әскери әрекеттері басталып, олардың мақсаты Сирия үкіметіне қарсы лаңкестік топтармен күресу деп жарияланғаннан бері Ресейдің ішінде экстремистік топтар мен лаңкестік әрекеттерге қарсы әртүрлі шаралар іске асырылды. Ирак пен Сириядағы ДАИШ және басқа Джебхат ән-Носра сынды лаңкестік топтарда Солтүстік Кавказ, әсіресе Шешенстаннан шыққан ресейлік азаматтар бар. Ресейліктердің олардың туған жерлеріне, сондай-ақ, Мәскеу мен Санкт-Петербург сынды халқы көп қалаларға оралып, лаңкестік әрекеттерін іске асыру ықтималдары бұл елдің ұлттық қауіпсіздігін қауіп-қатерге тіреуде. Осыған орай Ресейде Ұлттық гвардияның құрылуымен лаңкестер мен экстремистерді анықтау және олармен күресу күшейеді деген үміт бар. Путин лаңкестік қоқан-лоққыларға көңіл бөліп, Ресейдің қауіпсіздік органдарын жетілдіріп, экстремизмге қарсы әсерлі күрес жүргізбек.