АҚШ Ауғанстандағы әскери құзырын жалғастыратынын қуаттады
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кабулда Ауғанстан Президентімен өткізген ортақ ақпарат отырысында: "Талибан тобы біздің күштеріміздің Ауғанстаннан кетуін күтпесін",- деп баса айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, дүйсенбі күні алдын ала хабарламай Ауғанстанға аттанған Майк Помпео ел Президенті Мұхаммад Ашраф Ғанимен кездескен соң журналистерге берген сұхбатта: "АҚШ Ауғанстан үкіметімен ынтымақтастық жасап, бұл елде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатылып, демократиялық үкіметтің құрылатындығына сенімді",- деген уәж айтты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Вашингтонның Ауғанстандағы бейбітшілк келіссөздері үдерісінде елдің үкіметі мен екіжақты келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеді.
Бұл уәждер Талибан тобы үкіметі арасындағы бейбітшілк келіссөздеріне қосылу үшін бөгде, әсіресе америкалық күштердің бұл елден шығуын шарты ретінде жариялаған жағдайда айтылуда.