Трамп кеңесшілерін ақымақ деп атады
(last modified Tue, 10 Jul 2018 15:09:49 GMT )
Шіл 10, 2018 21:09 Asia/Almaty
  • Трамп кеңесшілерін ақымақ деп атады

АҚШ президенті Ақ үйдің кеңесшілерін ақымақ деп атап, ел үкіметінде ішкі келіспеушіліктердің бар екендігін мойындады.

Америкалық The New York Times газеті: "АҚШ президенті Дональд Трамп наурыз айында ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатта Путиннің Ақ үй кеңесшілерінің екі ел арасындағы қатынастардың жақсаруы мен екі ел басшыларының байланыс орнатуына бөгет жасауына қатысты алаңдаушылығына жауап беріп: "Бұл ақымақ адамдарға назар аударма",- деп жауап берді",- деп жазған болатын.

Осы мәліметке сәйкес, Путин Ақ үйдегі жауапты тұлғалар олардың телефон арқылы байланыс орнатуына кедергі келтіруге талпыныс жасап жатқандары туралы шағымданған кезде Трамп оған: "Бұлар – барып тұрған ақымақтар. Сіз олардың сөзіне құлақ аспаңыз",- деп жауап берген.

АҚШ пен Ресей басшылары алдағы сейсенбі күні Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында кездесуді жоспарлап отыр.