Теһранның "Ортақ қадамға" беріктігі Еуропаның стратегиясына байланысты
(last modified Tue, 10 Jul 2018 15:24:56 GMT )
Шіл 10, 2018 21:24 Asia/Almaty
  • Теһранның

Иранның Сыртқы қарым-қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы Теһранның "Ортақ қадамға" берік болуын Еуропаның АҚШ санкцияларымен күресуге бағытталған стратегиясымен байланыстырды.

Германияда іс-сапармен жүрген Иранның Сыртқы қарым-қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы Сейіт Камал Харази Германияның "Жасылдар" партиясының бұрынғы жетекшісі әрі бұрынғы СІМ Йошка Фишермен кездесуінде: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуы Иранның бұл келісімнен ешбір пайда көрмеуіне себеп болған жағдайда ИИР-ның "Ортақ қадам" келісімінде қалуы да пайдасыз болады",- деп баса айтты.

Германияның бұрынғы СІМ Йошка Фишер де Еуропаның санкциялармен күресуге болатын ұсыныстар пакетін ұсыну арқылы Иранды "Ортақ қадамда" қалдыруды қалайтынын мәлімдеді.

 

 

 

 

Тегтер