Трамптың Лондонға келгеніне халық наразылық білдірді
(last modified Fri, 13 Jul 2018 18:03:33 GMT )
Шіл 14, 2018 00:03 Asia/Almaty
  • Трамптың Лондонға келгеніне халық наразылық білдірді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Лондонға төрткүндік сапармен келді.

 

Шерушілер Трамптың келіп түсуімен тұспа-тұс Лондонның Станстед әуежайына жиналып, оған және оның саясаттарына қарсы ұрандар айтты. Басқа да наразылар Ұлыбритания Премьер-министрінің кесенесінің алдында, сондай-ақ Лондонның орталығындағы АҚШ елшісі тоқтайтын мекенге жиналып, АҚШ Президентіне қарсы ұрандар айтты. Шерушілер қолдарына  "Трампты қабылдамаймыз!", "Трамп та  нәсілшілдік те керек емес!" деп жазылған плакаттар ұстап тұрды.

АҚШ Президенті бүгін, жұма күні Ұлыбритания Премьер-министрімен кездеседі. Бұл кездесу наразылардан  қорыққандықтан Лондонның сыртында өтеді.

 

Тегтер