Велаяти: Нетаньяхудың әрекеттері Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарына әсер етпейді
https://itolqyn.com/news/world-i38248-Велаяти_Нетаньяхудың_әрекеттері_Теһран_Мәскеу_қарым_қатынастарына_әсер_етпейді
Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі сионистік режим премьер-министрінің Иранға қарсы негізсіз уәждеріне реакция білдіріп: "Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарын дамыту үдерісі біржақты емес. Бениямин Нетаньяхудың әрекеттері бұған әсерін тигізбейді",- деді.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Шіл 14, 2018 00:26 Asia/Almaty
  • Велаяти: Нетаньяхудың әрекеттері Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарына әсер етпейді

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі сионистік режим премьер-министрінің Иранға қарсы негізсіз уәждеріне реакция білдіріп: "Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарын дамыту үдерісі біржақты емес. Бениямин Нетаньяхудың әрекеттері бұған әсерін тигізбейді",- деді.

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінде Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталауымен бірге кездесуде Иранның Сириядағы құзыры туралы пікір алмасу өткенін мәлімдеді.

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти Путинмен кездескеннен кейін тілшілерге берген сұхбатта: "Иран мен Ресей қарым-қатынастары екіжақты мүдделерді қамтамасыз етеді. Сондықтан Бениямин Нетаньяхудың мағынасыз және араласушылық уәждері Мәскеу-Теһран қарым-қатынастарына әсерін тигізбейді",- деді.

Велаяти Ресей сапарында Ислам революциясы жетекшісі мен маңызды Иран президентінің стратегиялық маңызды жолдауларын жеткізіп, Теһран-Мәскеу қарым-қатынастары туралы Путинмен ұзақ сұхбаттасқанын айтты.