Шотландияда Трампқа қарсы наразылық шеруі өтті
Шотландияның мыңдаған халқы сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл елге келуіне наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Шотландияның он мыңға жуық азаматы Эдинбург көшелерінде шеруге шығып, бұл елге АҚШ президентінің келуіне қарсы ұрандар айтты.
Трамп дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен Финляндияның астанасы Хельсинкиде кездесуге дайындалу үшін жұбайымен бірге демалысты Шотландияда өткізіп жатыр.
Шотландиялық наразылар шерудің соңында Эдинбургтегі қалалық паркке жиналып, Трамптың үрмелі қуыршағын аспанға ұшырды.
АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлыбританияға жасаған сапары кезінде бұл елдің де он мыңдаған халқы наразылық шерулерін ұйымдастырып, Трамптың сапарын айыптаған болатын.