Сауд Арабиясының басшылары Иранға қарсы жалған уәждерін қайталауда
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр Риядтың текетірес тудырушы әдістерінің жалғасында Иранды аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіруші ел деп атады.
Сауд Арабиясының СІМ сенбі күні Брюссельде өткен НАТО отырысының аясында АҚШ президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадамнан" шығуға негізделген саясатын тағы мадақтап: "Егер Иран аймақтағы саясаттарын өзгертпейтін болса, оқшаулана түседі",- деді.
Ол негізсіз уәждерін қайталап: "Иран әлемнің бұл елге ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермейтінін білгені жөн",- деді.
Сауд Арабиясы АҚШ-пен бағыттас болып, біраз уақыттан бері Ираннан үркіту жобасына ықпал етуге талпыныс жасап жатыр. Бұл ел тіпті Иранның экономикасына зиян келтіру үшін мұнайды көбірек көлемде шығаруға күш салуда.
Сауд Арабиясының осындай қатынас танытып, текетірес тудыратын саясат ұстануының себептері өте көп.
Батыс Азия мәселелері жөніндегі сарапшы Мұхаммад Салех Седдеқиан саудиялық басшылардың Иранға қарсы ұстанымдарын қайталаудағы негізгі себептерінің бірін аймақтағы сәтсіздіктерін жасыру талпынысы деп атап: "Сауд Арабиясы СІМ-нің сөздерін "басын алып қашу" деп атауға болады. Йеменнен бастап, Сирия мен Иракты қамтитын аймақтағы саясаттары мен жоспарлары сәтсіздікке ұшыраған Арабстан секілді ел осындай позициялар мен қате мекенжай ұсыну арқылы соңғы бір-екі жылдың ішінде көрген шығындарын өтеу үшін шара қолдануда. Бірақ, бұл сөздер мен әрекеттер Сауд Арабиясы үшін шығын келтіруден басқа еш нәтиже бермейді",- деді.
Мұндай ұстанымдар шын мәнінде Сауд әулеті режиміне айтылып отырған позициялар мен көзқарастардың бір бөлігі саналады. Алайда, осы ұстанымдар қайталанған сайын Сауд Арабиясының абыройы одан бетер төмендейді.
АҚШ-тың танымал жазушысы, теоретик Ноам Чомский "Бүгінгі таңдағы демократия" арнасына берген сұхбатында Сауд Арабиясын әлемдегі әсірешілдіктің орталығы деп атап: "Шынтуайтында, Сауд әулеті мен тәкфиршілдердің әсірешіл және басқыншы сипаттағы саясатының жалыны олардың өздерінің етектерін шарпуда. Рияд АҚШ, Ұлыбритания мен Израильдің мақсаттарына қызмет етуін тоқтатпайынша аймақта тыныштық орнамайды",- деді.
Сауд Арабиясының өзін аймақта үздік ел деп есептеуі – қате пікір. Себебі, қазіргі таңда Сауд Арабиясы билеушілерінің бәрінен бұрын бұл елдің әлсіздігі мен оның аймақтағы стратегиялық қателіктеріне көздері жетіп отыр.
ИИР-ның аймақтағы күрделі теңгерімдерде елеулі, сындарлы әрі ықпалды рөл атқарып, өзара әрекеттестік пен қисынды бағытта қадам басып келе жатқан кеңістікте саудиялық билеушілер тарапынан айтылып жатқан бұл сөздер өздерінің сәтсіздіктерін жасырып, жеңіліс тапқан саясаттарын жалғастыруды талап етуге бағытталған пайдасыз талпыныс болып табылады.
Сауд Арабиясының өзі жолсыздыққа түсіп, жалғыздық пен оқшаулануға қарай бағыт алған жағдайда Рияд басшылары ақылға қонбайтын ұстанымдары арқылы өздерінің кінәсін басқаға таңып, Иран жайлы негізсіз уәждерді қайталау арқылы аймақтағы ең үздік орынға қол жеткізуді көздеп отыр.