Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Пәкістанға аттанды
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы жоғары деңгейлі делегацияны басқарып, Пәкістанға аттанды.
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мұхаммад Бақери Пәкістан Армиясы Құрлық күштері қолбасшысы Қамар Джавид Боджваның шақыруымен Исламабадқа аттанды. Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы үш күндік Пәкістан сапарында сол елдің жоғары лауазымды басшыларымен кездесіп, пікір алмасады. Теһран мен Исламабад арасындағы қорғаныс саласындағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды дамыту, шекаралық ортақ ынтымақтастықтар, лаңкестікпен күрес, аймақ пен ислам әлеміндегі өзгерістер Иран Қарулы күштері Бас штабы басшысының Пәкістан басшыларымен сұхбаттасатын тақырыптарының қатарында жарияланды. Иран мен Пәкістан шамамен бір мың шақырым ортақ шекараға ие.