Парижде Франция футболдан әлем чемпионы атанғаннан кейін тәртіпсіздіктер орын алды
Франция астанасы елдің футболдан құрама командасы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған түні полиция мен футбол жанкүйерлері арасындағы қақтығыс сахнасына айналды.
Reuters ақпарат агенттігі жексенбі күні кешке Францияның футболдан әлем чемпионатында жеңімпаз атанғаннан кейін Париж халқының Елисей алаңдары көшесіндегі шаттықа бөленуі тәртіпсіздіктер және полиция күштерімен қақтығысқа ұласқанын хабарлады.
Қақтығыстардың жалғасында Франция полициясы ұлттық құрама жанкүйерлері жиналған негізгі аймақ Елисей алаңдары көшесін босатуға бұйрық беріп, тәртіпсіздіктерді басу үшін көз жасаурататын газ пайдаланған. Бұл көше футболдан ұлттық құрама командасының он мыңдаған жанкүйері жиналған негізгі алаңға айналды.
Елисей алаңдарынан түсірілген фильмдер мен суреттерге сәйкес, бір топ адам автокөліктер мен қоғамдық мүлікке зиян келтіріп, басқа бір топ полиция күштеріне қарай тас лақтырған.
Сонымен қатар Франциядағы үшінші ірі қала Лионда да қақтығыстардың орын алғаны туралы хабарлар жарияланды.
Францияның ұлттық құрама командасы жексенбі күні кешке 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында 4:2 есебімен Хорватия командасын жеңіп, футболдан әлем чемпионы атанды.