Зариф: 4+1 тобының жұмысы басталды
https://itolqyn.com/news/world-i38290
Иран Сыртқы істер министрі 4+1 тобы жұмыстарының басталғанын хабарлап: "Венада "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалған тараптар банктік және мұнай саласындағы бағдарламаларын, сондай-ақ банктік қарым-қатынастар мен Иранның мұнайын сатуды жалғастыруға қажет кепілдікке қатысты әрекеттері туралы Иранмен кеңесті",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 17, 2018 19:40 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі 4+1 тобы жұмыстарының басталғанын хабарлап: "Венада "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалған тараптар банктік және мұнай саласындағы бағдарламаларын, сондай-ақ банктік қарым-қатынастар мен Иранның мұнайын сатуды жалғастыруға қажет кепілдікке қатысты әрекеттері туралы Иранмен кеңесті",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Теһранда экономикалық белсенділердің қатысуымен өткен отырыста ИИР-ның шамамен 40 жыл бойы жалғасып келе жатқан қысымдарға қарамастан аймақтың ең қауіпсіз әрі ең құдыретті мемлекеті екендігіне тоқталып: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысқан Ресей, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай және Еуроодақ экономикалық жұмыстары үшін Ираннан сенімді әрі қауіпсіз нарықтың жоқ екенін түсінді. Олар Иранда жұмыс жасауға дайын. Иран заңсыз біржақты санкцияларына байланысты  Халықаралық сотқа АҚШ-тың үстінен шағым түсірді. Иран әлемге АҚШ-тың заңға қарсы әрекеттерінің халықаралық қоғамда оңайлықпен іске асыратын шаруа емес екенін көрсетуді көздеуде",- деді.